Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» № 78/4 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 40/3 қаулысы
Павлодар облысы әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 112/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жекешелендіру туралы» Заңының 5-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі «Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері» № 1431 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі «Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы» № 78/4 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3111 болып тіркелді, 2008 жылғы 5 маусымда «Сарыарқа самалы» № 61 және 2008 жылғы 6 мамырда «Звезда Прииртышья» № 49 газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3-тармағындағы «облыс әкімінің орынбасары В.З. Бочинге» деген сөздер «облыс әкімінің орынбасары Р.В. Склярға» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 201 - 290-тармақтармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.
| Облыс әкімі | Б. Сағынтаев |
2009 жылғы 17 ақпан
№ 40/3 қаулысына
Қосымша
| 1 | 2 | 3 |
| 201 | Мемлекеттік нөмірі S 359 DА, 1985 жылы шыққан КАВЗ-685 автомашинасы | Екібастұз қаласы («Екібастұзком-мунсервис» МКК-ның балансында) |
| 202 | Мемлекеттік нөмірі S 536 SS, 1992 жылы шыққан КАВЗ-3271 автомашинасы | Екібастұз қаласы («Екібастұзком-мунсервис» МКК-ның балансында) |